«Рәмізге құрмет – қастерлі парыз» тақырыбында сынып сағаты
16 қаңтар күні 5-8 сыныптар арасында «Рәмізге құрмет – қастерлі парыз» тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.