21
февраль
2024
.Ана тілінің халықаралық күні
Әлем халықтары 21 ақпанда Ана тілі күнін атап өтеді.Ана тілінің халықаралық күні 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас коференциясының 30-сессиясында бекітілген. Бұл күн Бангладештің қазіргі астанасы Даккада болып өткен оқиғаға байланысты таңдап алынған. 1952 жылы 21 ақпанда елдің мемлекеттік тілі ретінде өздерінің ана тілі бенгаль тілін енгізуді талап еткені үшін студенттер полицейлердің оғынан қаза тапқан екен. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы өз кезегінде өзінің қарары бойынша 2008 жылды Халықаралық тілдер жылы деп жариялады.
Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53сында «Ана тілің-арың бұл» тақырыбында мерекелік шара өтті.10 «Г» сыныбы мен 8 «Ә» сыныбының білім алушылары тіл туралы өз ойларын айтты, мақал-мәтелдердің екінші жартысын тауып ,шапшаңдықтарын көрсетті. 5,6.7,8,9 сынып білім алушылары «М.Мақатаевтың-ғажайып біртұтас әлем» тақырыбында ақын өлеңдерін жатқа айтты.Барлық тілдерді мойындау және құрметтеу әлемде бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылатынын білді. Өз аты-жөніміз сияқты ана тілімізді бала кезімізде өз аналарымыздан қабылдауымыз керектігін түсінді.
«Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!», - деп қазақтың ақиық ақыны Қадыр Мырзалы бекер жырламаған болар. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің.
и ещё 8
Все реакции:8Салтанат Алибаева, Назым Усерова и ещё 6