01
сентябрь
2021
1 қыркүйек білім күні
Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53сында дәстүрлі 1 қыркүйек күні Білім мерекесі өтті.Бүлдіршіндеріміз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған шақта еліміз жаңа тарихи кезеңге, қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына аяқ басты. Алғашқы қоңырау салтанатты жиынында 1 сынып білім алушыларына әліппе таратылды, барлық сыныптарда «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тұрмағанбетова Рахия Сейтбекқызы және сәулет қала құрылысы бөлімінің басшысы Бобеев Алмасбек Ғалымжанұлы білім алушыларға мерекелік тілектерін айтты .

