МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ
15
сентябрь
2021

МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БАЯНДАМАСЫ

  Койлыбаева Эльмира Сериковна                    

    Қаратай Тұрысов атындағы                                 

   №53 мектеп- гимназиясының директоры                                                                              


Soft skills - болашақтың дағдылары. Жұмсақ дағдылар.  Икемді дағдылар.

        Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу,заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыру- басты мақсатымыз. 

   Бүгінде дүниежүзілік беделді ұйымдар  дербес зерттеулер негізінде қоғам өмірінің өзгеруіне  елеулі дәрежеде әсер ететін бірнеше әлемдік тенденциялардың ықпалын анықтады.   Олардың ішіндегі ең басты және жиі кездесетін  үрдістер –өмір сүру және әлем жағдайының өзгеруінің өте жылдам   қарқынмен жүруі.Технологиялар мен қоғамның тұрақты  және үздіксіз дамуы айтарлықтай  дәрежеде кәсіби  саланың өзгеруін анықтауда.Осыған сәйкес  бұл үрдістер   адамдардың тиімді қызмет етуіне қажетті талаптар қойғанда ең алдымен икемді дағдылармен (soft skills) сипатталады.

Икемді дағдылар - бұл өмірлік мәселелерді шешуге және басқа адамдармен жұмыс істеуге көмектесетін кәсіби жоғары дағдылар.

      Біздің заманда табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Оқытудың дәстүрлі әдістері(дәрістер, семинарлар) дағдыларды дамытуда тиімділігі төмендігі,ал оқытудың белсенді және инновациялық әдістерінің,(кейстер,имитация, және жобалар) «икемді» дағдылардың  тиімді дамитындығын анықтайды.Әсіресе, қашан да өзектілігін жоғалтпаған  көпшілік алдында сөйлеу-өзінің зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсынудың  және ынтымақтастыққа дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді тәсілдің бірі.

     Әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге  ұмтылған   және ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында  мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздеген  кезеңде де  қай қоғамда да әлеуметтік дағдылардың басты басымды жағын  құрайтын коммуникативтік дағдылар мен  қарым-қатынас дағдылары құндылығын жойған жоқ.Еңбек нарығында жас мамандардың  сұранысқа   ие болуының басты критерийлерінің бірі болып отыр.Тіпті қарапайым  кәсіби білімі болғанымен,дамыған әлеуметтік  дағдылары бар түлектердің  табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары екендігін,әлеуметтік дағды жеткілікті дамымаса үлкен кедергі болатындығын зерттеушілер  байқаған.

Жұмсақ дағдылар, екінші жағынан, субъективті дағдылар болып табылады, олар санауды қиындатады. Сондай-ақ «адамдарға арналған дағдылар» немесе « тұлғааралық дағдылар» деп аталатын, жұмсақ дағдылар сіз басқа адамдармен қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас жасаумен байланысты.

    Жұмсақ дағдылар:

       Soft skills- жеке қасиеттер,зияткерлік ерекшеліктер,әлеуметтік –психологиялық дағдылар,кәсіби емес және жүре пайда болатын дағдылардың жиынтығы. Білім алушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру және дамыту-бүгінгі күн талабы,сұранысы мен тез өзгермелі қоғам жағдайында бейімдеудің басты көрсеткіші.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив