МЕКТЕПІШІЛІК АТА – АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Ата – аналар жиналысы 30 қараша күні қашықтықтан өтті. Жиналыста 2021 – 2022 оқу жылындағы алға қойған міндеттер , І тоқсанның қорытындысы және біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру , балалардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, мамандық таңдау , жастар арасындағы дін туралы мәселелері қаралды.
Мақсаты : мектеп пен ата – ана арасындағы қарым – қатынасты күшейте отырып , отбасында балаға ата – ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Ата – анамен мектеп арасындағы тығыз қарым – қатынас, бірлік, ынтымақ , жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болатыны жайында әңгіме өрбіді. XXI ғасыр талабына сай жаңашыл , мәдениетті , шығармашыл , жан – жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу басты іс екені айтылды.