«Еңбек түбі - береке»
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында 24 қыркүйек күні еңбек күніне орай «Еңбек түбі - береке» тақырыбы аясында ауқымды іс - шара өткізілді. 9,10 сынып білім алушылары мектеп ауласына ағаш отырғызды , ағаштарды суғарып , түбін қопсытты. Мақсаты: Еңбек – адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту , дамыту , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.