27
декабрь
2021
«Біз жастар – спортты қолдаймыз»
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында 20 – 27 желтоқсан күндері аралығында білім алушылар арасында «Біз жастар – спортты қолдаймыз» тақырыбында спорттық іс – шаралардан акция ұйымдастырылды.Акция барысында баскетболдан , волейболдан , тоғызқұмалақтан, гимнастикадан , шахматтан , жүгіруден , футболдан жарыстар ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: балаларды спорттық үйірмелерге тарту, салауатты өмір салтын ұстану, Отанға, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану.
