"Жанжалды реттеудегі медиатордың рөлі"-дөңгелек үстел.
Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53сында 18.03.2021 ж «Жанжалды сотқа дейін шешу немесе медиация дегеніміз не?», «Жанжалды реттеудегі медиатордың рөлі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сынып жетекшілір,мектеп психологы Рахманқұл Балжан,ДҚТІЖО Сәдірмекова Қарлығаш.әлеуметтік педагог Иманбекова Майра,аға тәлімгер Момбекова Нұршат,педагог ұйымдастырушы Әскербек Ақмарал, сынып жетекшілер қатысты.Іс шараның мақсаты оқушылар арасында кездесетін өзара келіспеушіліктің алдын алу. Кез келген мәселені адамгершілік тұрғыда шешу. Мәселелердің негізгі бағыттарын түсіндіру. Отырыс барысында жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешу және оларды болдырмаудың жолдары айтылды. Медиатордың атқаратын рөлі, оның берер нәтижесі туралы баяндалды.

