Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу
Тәуелсіздік-тарихтың толқыны,шайқалмай,уақыттың соққысын байқамай өз бетінше тұратын тұғыр ғана емес,оны қолда ұстап тұратын тек шарболаттай шыңдалған рух,наркескен жаңашыл мінез,арайлы ақ таң үшін күрес.Міне,мәңгілік жасайтын елдің өмірлік ұстанатын кепілі-осы.Мыңжылдықтар тоғысар тұста тәуелсіздік таңын көру бақыты бүгінгі қазақстандықтардың пешенесіне жазылды.Желтоқсан айының 14 жұлдызында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында ағылшын тілінің мұғалімі Кәдірбекова Әселдің ұйымдастыруымен қашықтықтан онлайн Тәуелсіздіктің төл құрдастарымен кездесу өтті.Кездесу барысында 1991 жылы желтоқсан айында дүниеге келген Базарбаева Зарина,Рахманқұлова Балжан қонақ болып ,Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткізген жетістіктерін мақтанышпен айтып,білім алушыларға тілек білдірді.


