26
September
2022
«Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы
2022-2023 оқу жылы
Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен қайраткерлік болмысы – бүгінгі ұрпақты рухани азықтандырып, тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді. Халықаралық инновациялық институтының «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен қалалық «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы өтті. «Тіршілікті тірілтіп тұрған- мейірімділік»,- деп халқының тағдырына алаңдап, ұлтын мейірімді болуға шақырған Шерхан Мұртаза шығармашылығының арнасы кең, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор.
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 4 білім алушысы байқауға қатысты. Нұрланқызы Айгерим мен Қожабергенова Жұлдызай қалалық кезеңде өз білімдерімен ерекшеленсе, Орал Дана мен Керимби Жанерке облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңісті күндер көп болсын. Құттықтаймыз.