Тараз қаласындағы «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы
2022-2023 оқу жылы
Тараз қаласындағы «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы Тараз халықаралық инновациялық институтында 2009 жылғы 22 сәуірінен бастап өзінің жұмысын жүргізуде. Шерхан Мұртазаның біршама мұрағаттық дүниелері осы орталықта жинақталған.
Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының кітапханашылары Т.Абдуллаева мен К.Абитаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Усерова 10 сынып оқушылармен «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының мұрағаттарымен танысты. Орталық директоры Қаракөз Өмірзаққызы жазушының қолжазбалары мен электрондық нұсқаларын, әр жылдағы түрлі баспадан жарық көрген шығармаларын айтып өтті. Білім алшуылар жазушы шығармалары мен зерттеу еңбектері туралы сұрақтар қойып, толық мәлімет алды.


