24
August
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында 24 тамыз күні ұстаздардың облыстық тамыз кеңесі өтілді. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым», - деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, жаңа оқу жылында білім, еңбекқорлық пен отаншылдық қасиетті бойына сіңіретін ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.
Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясы «Орта білім беретін үздік ұйым – 2022» конкурсына қатысып, «Шығармашылық – зертхана мектебі» номинациясы бойынша 300 000 теңге сертификатына ие болды.
Мектеп-гимназия ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтаймыз, толағай табыстар тілейміз!

