18
March
2021
"Рухани жаңғыру" баяндама
Рухани жаңғыру
Бұл жаңғыру-тарихи сәт сауапты,
Сауапты іске бәріміз де жауапты:
Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,
Ұрпағымыз болсын десек сауатты.
Бұл жаңғыру – Туған жерді түлету,
Ен даланың кең құшағын гүлету.
Серік Сейтман
Рухани жаңғыру... Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі, еліміздегі әрбір істің бастауы болған , БАҚ бетін дуылдатып жатқан сөздің бірі осы-рухани жаңғыру. Ал, рухани жаңғыру дегеніміз не? Осы мәселені жүзеге асыруда, бойымызға сіңіруде, өз ұрпағымыздың санасына сіңіруде неге көңіл бөлуіміз керек? Қандай іс-шаралар жасауымыз қажет? «Мен осы бір сөздің мәнін басқаларға қалай түсіндіремін?» деген ой әрқайсымыздың санамызға келері анық. Әсіресе, жас ұрпақ тәрбиелеп отырған мектеп қызметкерлері үшін ең басты мәселе десек, қателеспейтін шығармын.
Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалMay, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз кетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс.Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Бұл дегеніміз - ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.
Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Осы тұрғыда тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.Тұңғыш The president өз сөзінде: «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. Ендеше, сенімнен шығып, бағдарламалық мақалада көрсетілген ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын барша қазақстандықтар келелі ойға салып, салиқалы пікір мен батыл шешімдерге ұмтылғаны абзал дер едім. Себебі, онда Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Бұл әрине бүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.Ұлан -ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси- радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл - тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.Жаһандық жаңғырумен қатар рухани жаңғыруды тең ұстау – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Рухани жаңғырудың басты шарты білім екені даусыз. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов кезінде: «Елді түзетуді бала оқыту ісінен бастау керек», – деген еді. Білімге қатысты бұл ой-пікір бүгін де өз өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі таңда жастарға білім беру жаңа идеяларды, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оларды жан-жақты қолдануды, білім сапасын жетілдіруді талап етеді. Бұған дәлел, жаңартылған оқу бағдарламасымен оқыта отырып, біз жан-жақты, өмірге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеп отырғанымызға күнде көз жеткізудеміз.
Кез келген ірі мақсатқа әуелі оны идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етіп алғаннан соң ғана жетуге болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы беретін бағдармен оқытып, тәрбиелеу арқылы жас ұрпақты халқымыздың тарихын, мәдениетін, тілін қадірлеп, оны өмірде қолдана білетін және бірінші кезекте өз елінің жетістіктеріне үлес қосып, соны мақтаныш тұтатын азамат етіп сомдауға боларына күмән жоқ. Білімді әрі рухани тұрғыда кемел дамыған адамдар ғана заманның жаңа талаптарына сай қоғам дамуына өзіндік үлес қоса алады. Сондықтан ұстаздар қауымының басты міндеті – жастарға терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы ұрпақ бойына ұлттық кодты сіңіре білу. Осыны жан-тәнімізбен сезініп, рухани жаңғыру шараларын жүргізуді жарқын болашаққа бағдар ретінде қабыл алуымыз керек.«Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады...
Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенін сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Осы жолда ерінбей, талMay қызмет атқару-біздің міндетіміз.