ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ел президенті Қасым ЖоMarch Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың мәселесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал ол оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізген еді, аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарындағы мектеп оқушыларының ішінен дарынды балаларды анықтап, қолдау білдіру мақсатында «Ел үміті» дарынды балалардың ұлттық антологиясы» Республикалық энциклопедиясы жарияланды. Аталған ұлттық антологияға дарынды оқушылардың енуіне жағдай жасап, дарынды балаларды қолдау және ынталандыру жолында үлесін қосқаны үшін «Алтын Глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениеті дамытудың оқу–әдістемелік, ғылыми инновациялық академиясының алғыс хатымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Усерова Назым Асылбековна марапатталды.

«Ел үміті» деп аты айтып тұрғандай энциклопедияға енген әрбір шәкірт ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат болып өсеріне кәміл сенеміз. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» - деген. Білім - ол біздің ең құнды капиталымыз. Оны игере білсек өмір белестері өзінен – өзі бағына берері сөзсіз. «Алтын Глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениеті дамытудың оқу–әдістемелік, ғылыми инновациялық академиясының алғыс хатымен 10 «Ә» сынып оқушысы Баймұрат Нұрдәулет марапатталды.


