Жолдауға үн қосу
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гиназия директоры
Қойлыбаева Эльмира Сериковна
2019 жылы 2 қыркүйекте The presidentіміз Қасым- ЖоMarch Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы жолдауын жолдады. Онда біздің халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты көптеген мәселелер қамтылды. Біз Жолдауды ұжым болып отырып, тыңдадық. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Сонымен қатар, ел өмірінің барлық салаларындағы ахуалға терең талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылған.
Жолдау бес бөлімнен тұрады. Әлеуметтік саладағы мынадай бағыттарға баса мән берілген: отбасы институтын қолдау мен инклюзивті қоғам құру, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапалы болуын қамтамасыз ету, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әлеуметтік қолдау жүйесінің дамуы, отандық зейнетақы жүйесін дамыту.
Соның ішінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» деп аталатын төртінші бөлімінде экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу қарастырылған.
Осы бөлімде The presidentіміз білім беру сапасын жақсартуда мамандарды даярлаудан бастауды, оқушыларға кәсіби бағыт -бағдар беретін стандарттың негізін қалаудың қажеттігіне тоқталды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдауда жол картасын әзірлеуді тапсырды. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажеттігі де айтылды.
The presidentіміздің отандық зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізуі, яғни зейнетақы қорының бір бөлігін баспана және білім алуға зейнет жасына жетпей пайдалану мүмкіндігіне ие болуы көпшіліктің көкейінен шықты.
Мемлекет басшысының мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттыруды тапсыруы, педагог мәртебесіне көңіл бөлуі ұстаздарды қуантары сөзсіз. Әлеуметтік жағдай алаңдатпайтын ұстаздар келешек ұрпақтың сапалы білім алуына аянбай еңбектенеді.