ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың мәселесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал ол оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізген еді, аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарындағы мектеп оқушыларының ішінен дарынды балаларды анықтап, қолдау білдіру мақсатында «Ел үміті» дарынды балалардың ұлттық антологиясы» Республикалық энциклопедиясы жарияланды.