ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Zhambyl HUB» Халықаралық IT-стартаптар технопаркі, Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ ұйымдастыруымен аймақтық 2 ші Хакатон Тараз қаласында жалғасын тапты.
Республикамыз бойынша екінші рет өткізіліп отырған ең ауқымды Google Dev Fest IT 2023 технологиялар конференциясына өңірімізден 500 ден аса мектеп оқушысы, студенттер, IT мамандары, IT компания өкілдері мен GOOGLE компаниясының сарапшылары қатысты.
2 күнге созылған шараға 100 ден аса команда қатысып, 53мектеп-гимназиясының “Encoders” командасы “ЖОО үшін чат - бот әзірлеу ” кейсінің жеңімпазы атанды.
Айлауова Жансая Сламханқызы жетекшілігімен шәкірттеріміз:
Серікбай Мансур 11Ә
Серікбай Ернур 10 Ә
Абдуали Темирлан 11 Б
Сұлтанбекұлы Асылбек 11 А
топ жарып 1 ші орынды иеленіп Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының оқу грантының жеңімпаздары атанды.
“IT Stars” команда капитаны Жасұзақ Ади “IT Академия” грантының жеңімпазы атанды.


