Қамқоршылық кеңес - СШ №53 https://53-taraz.mektebi.kz/ ru Қамқоршылық кеңес - СШ №53 DataLife Engine ХабарландыруІ https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/951-habarlandyru.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/951-habarlandyru.html ]]> ]]> admin Wed, 18 Sep 2024 17:31:39 +0600 Орта білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту туралы бұйрық https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/710-orta-blm-beru-jymdarynda-amorshyly-keest-ramyn-bektu-turaly-bjry.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/710-orta-blm-beru-jymdarynda-amorshyly-keest-ramyn-bektu-turaly-bjry.html

]]>

]]>
admin Thu, 26 Oct 2023 16:24:02 +0600
Хабарландыру https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/674-habarlandyru.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/674-habarlandyru.html

Тараз қаласының білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында,  мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібіне сәйкес Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.

Негізі: "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде  Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш (еркін түрде);

      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. Құжаттар мен мәліметтер тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның почта немесе электрондық мекенжайларына жіберіледі.

Отдел образования города Тараз объявляет о проведении конкурса по выборам попечительского совета в соответствии с типовыми правилами организации работы попечительского совета и порядком его избрания в дошкольных организациях, организациях среднего образования, внешкольных организациях дополнительного образования.  Прием документов заканчивается по истечении 20 (двадцати) календарных дней со дня размещения объявления.

Основание: О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 355 "Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядка его избрания в организациях образования" Приказ и.о.Министра просвещения Республики Казахстан от 1 марта 2023 года № 56

Кандидаты в сроки, указанные в объявлении об избрании Попечительского совета и приеме предложений по его составу, представляют Комиссии следующие документы:

      1) заявление (в произвольной форме);

      2) копию документа, удостоверяющего личность кандидата;

      3) резюме на казахском или русском языках;

      4) копию документа о наличии образования (при наличии);

      5) документы, подтверждающие отсутствие судимости и коррупционных правонарушений, выданные территориальными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      Кандидаты представляют дополнительные сведения о профессиональной (или) общественной деятельности. Документы и сведения направляются на почтовые или электронные адреса уполномоченного органа соответствующей отрасли или местного исполнительного органа в сфере образования.

admin Thu, 14 Sep 2023 10:05:28 +0600
4 мамыр күні «Балаға LIKE» республикалық акциясы өтті https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/494-4-mamyr-kn-balaa-like-respublikaly-akcijasy-tt.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/494-4-mamyr-kn-balaa-like-respublikaly-akcijasy-tt.html
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында 4 мамыр күні «Балаға LIKE» республикалық акциясы өтті.  Бұл жерде бірінші кезең Check your school (Өз мектебіңді тексер)  бағыты бойынша қамқоршылық кеңесі мектеп-гимназиясы асханасының санитарлық талапқа сай  екендігін, балаларға дайындалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасын қадағалады. Әжетхананың санитарлық талапқа сай болуын, тазалығын тексерді.

admin Wed, 04 May 2022 16:51:29 +0600
Хабарландыру https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/492-habarlandyru.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/492-habarlandyru.html
]]>

]]>
admin Thu, 10 Mar 2022 13:35:28 +0600
Хабарландыру https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/491-habarlandyru.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/491-habarlandyru.html

]]>

]]>
admin Tue, 14 Sep 2021 13:32:23 +0600
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызының қамқоршылық кеңес алдыңдағы есебі. https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/241-arataj-trysov-atynday-53-mektep-gimnazija-direktory-ojlybaeva-jelmira-serkyzyny-amorshyly-kees-aldyday-eseb.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/241-arataj-trysov-atynday-53-mektep-gimnazija-direktory-ojlybaeva-jelmira-serkyzyny-amorshyly-kees-aldyday-eseb.html Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызының қамқоршылық кеңес алдыңдағы есебі.
Өткізілген күні: 17.06.2020 ж  
Сағат: 12:00
Желі арқылы ZOOM бағдарламасымен 
Құрметті ата – аналар және қамқоршылық   кеңесінің мүшелері!
        Бүгінгі таңда мемлекет ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз етуді көздеп, әлемдік кеңістіктегі адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды алға мақсат етіп отыр. Атаулы мақсаттардың құрамдас  бөлігі ретінде қазақстандық білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; халықаралық рейтингтегі көрсеткіштерді жақсарту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігін жетілдіруді қамтамасыз   ету мәселелері  көп өзгерістерді талап етеді.
       Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігінді  түзе» дегендей, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу- біздің басты міндетіміз.  Қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.   Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге  және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру, оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры. Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Осы мақсатта  №53 мектеп-гимназия  табысты жұмыс атқарып келеді.
Ата-аналар білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігіне;  қорғаншылық кеңестері арқылы білімді басқаруға араласуға, мектепалды тәрбие мен оқытуда қолжетімділікті  қамтамасыз етуге, баланың табыстары туралы ата-ана білім беру ұйымы байланысы арқылы қашықтықтан ақпарат алуға құқылы болуы заман талабы болып отыр. Қорғаншылық кеңестерінің жұмысын жоғары деңгейге көтеру нәтижесінде  білім алушыларға барлығына бірдей сапалы білімге қол жеткізуге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларын пайдалануға, коммуникативтік және кәсіби біліктілікті дамытуға мүмкіндік жасалады. Қазіргі таңда оң шешілген жұмыстармен қатар өзгерістерді  талап ететін сұрақтар да бар.  Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі   № 355  бұйрығын, осы Қағидаларды, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа ала отырып мектеп-гимназияда Қамқоршылық кеңес жұмыс атқарады. Қамқоршылық кеңес  мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылады және  оның мақсаты мектеп қызметіне және  дамуына жәрдем көрсету мақсатында құрылды.  Қамқоршылық кеңесінің басты мақсаты сыныптардың ата-аналар комитеттеріне мектеп қабырғасында балалардың  тыныс-тірішілігін қамтамасыз етуіне  қатысы бар материалдық  бөлігімен таныстыру. Мектепте Қамқоршылық кеңесі қамқорлық акцияларды  ұйымдастыру мен оқушылар мен мұғалімдердің түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуға көмек беру мен қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қамқоршылық кеңес   жұмысының нәтижесі  күнделікті мектеп-гимназия жұмысы  барысында көрініс тауып келеді. Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия ұжымы 2019-2020 оқу жылын табысты тамамдады.
          Мектеп-гимназия 2019-2020 оқу жылын 2308 оқушымен  бастады.1-4 сыныпта –39 сынып-1038 оқушы, 5-11 сыныпта -48 сынып-1247 оқушы бар.   Оқу жылының соңында 2285  оқу мен аяқтадық.    
         Мектептегі педагогикалық қызметтің білім берудің мемлекекттік стандарт талаптарына сәйкестігін, мектептің одан әрі дамуын қалыптастырыру мақсатында Мектептің Даму Жоспары және Жылдық жоспары жүзеге асырылды. Мектеп-гимназияның Даму Жоспарында  алдағы 3 жылда қол жеткізетін индикаторлар: білім сапасы, педагог кадрлардың құрамын жақсарту, жас мамандарды тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдың алу,  білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету, білім алушыларды  қосымша біліммен қамту, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының ,"Жас қыран" 1-4-сынып, "Жас Ұлан" 5-10 сынып қозғалысына қатысатын оқушыларының үлесін жоғарлату,мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жоспарланып, нақтыланды. Жылдық жоспарда  бір жыл ішінде алдымызға қойған нақты мақсаттарды белгілеп, жұмыс жүргізілді. Онда - жалпыға бірдей міндетті білім берудің орындалуы, педагог кадрлармен жұмыс, мектеп құжаттарын жүргізуді бақылау, оқушылардың білім-білік дағдылары, оқу-материалдық база, пәндердің  оқыту сапасын бақылау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, жетім, қамқорлықтағы, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы  балаларының әл-ауқатын арттыру, психологиялық көмек, оқушылардың тәрбиелік деңгейін  жақсарту, бос уақытын тимімді  ұйымдастыру, үйірме мен секциялардың, сыныптан тыс іс-шаралардың мазмұнын  жақсарту қарастырылды. Жоспарланған  іс-шаралар дер кезінде орындалып, директор жанындағы кеңес, әкімшілік кеңес, педагогикалық  кеңесте қаралып отырды.
Мектеп–гимназияның 3 жылдық білім сапасының   салыстырмалы көрсеткіші;
         
3.ҰБТ –ға және қорытынды аттестаттауға  дайындық
     11-сыныпта- 61 оқушымен оқу жылын аяқтады ҰБТ–ға дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл бойынан ҰБТ-ға  және қорытынды аттестаттауға дайындықтың қадамдық іс-қимыл жоспары жасалды. Бірнеше рет сынақ тест, психологиялық көмек,  мамандық таңдауға көмек, ата-аналармен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды.
4. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс.
      Өткен оқу жылында 19 оқушы үйден оқытылса, 6 оқушы инклюзивті білім берумен қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт мектепке келе алмайтын балалар үшін ҚР  «Білім туралы заңының» 8 бап, 5 тармағына, ҚР Білім және ғылым министрінің №61 (2014 ж 25 ақпан) бұйрығына, Тараз қалалық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінің үй жағдайында оқытылатын оқушыларға берген қорытындысын негізге ала отырып оқу – тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. 
     Мұнда ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі 
№174 бұйрығының 4-қосымшасы басшылыққа алынып, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұйымдастырылды. 
     Үйден оқыту барысы үнемі зерделеніп отырды. Үйден оқитын балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, түзету жұмыстары жүргізілді. 
5.Оқу процесін цифрландыру
  1. Өздерініз байқағандай биылғы оқу жылында оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуір №179 бұйрығының
1-қосымшасын «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып және eduschool.kz сайты арқылы қабылданды. 
  1. Былтырғы оқу жылынан бері «Күнделік.кз» жүйесі енгізіліп, жауапты мамандар белгіленген. 2135 оқушы туралы мәліметтер енгізіліп, ата-ана бұл жүйе арқылы оқушының білімін бақылап, үй тапсырмасын көріп, үнемі байланысты бола алады.
  2. Ұстаздар мен оқушыларға «Bilimland» жүйесі де  қолжетімді. Оның білім сапасын жетілдіруде маңызы зор. Бүгінгі күні барлық мұғалім   аталған жүйеге тіркеліп , өз сабақтарында керекті ресурстарды пайдалануда.  
  3. Мектепте өтіп жатқан оқу-тәрбие үдерісіндегі басты жаңалықтар мен жетістіктер Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілері  және  №53 мг сайты арқылы жариялануда.
  4. Мектепке бөлінген қаражат туралы ақпарат тоқсанына бір рет №53 МГ сайтының ашық бюджет блогында жарияланып келеді.
  5. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі Jumis.sitsen «Еңбек» сайты арқылы жүргізілуде. 
  6. Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты 4 тоқсанды қашықтықтан оқып аяқтадық. Мұғалімдер мен оқушылар ватцап, әр түрлі интернет платформаларын тиімді пайдалана отырып сабақ өтті.
6. Әлеуметтік жұмыстар 
Мектеп – гимназиясының  әлеуметтік паспортына тоқтала кетсек:
      Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны –470, толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны – 523, тек анасымен тұратын оқушылар саны – 259, тек әкесімен тұратын оқушылар саны – 13, тума-туыстарымен тұратын оқушылар саны – 28, өгей әкемен тұратын оқушылар саны – 3, өгей шешемен тұратын оқушылар саны – 3, қамқоршысымен (опекун) тұратын оқушылар саны – 9, жайсыз отбасындағы оқушылар саны – 4,үйде оқыйтын-21, мектепішілік есепте тұрған оқушы.жоқ.
     Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында 2019 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында республикалық «Мектепке   жол» атты акциясы жүргізілді. 
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 13.04.2015 жылғы №198 бұйрығының 6-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 қаулысын негізге ала отырып, 5 санат бойынша 468  баланың құжаты жинақталды.
     Өткен оқу жылында 265 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. 1-жартыжылдықта ыстық тамақ бағасы 450 тг болсын, ас мәзіріне жеміс-жидектер, йогурт, ірімшік, айран қосылды. Тамақ сапасы бойынша брокераж комиссия мүшелері беріліп жатқан тамақты тексеріп отырды. Сыныптың ата-аналар комитет мүшелері де тамақ сапасын көріп, көңілдерінен шығатындығы туралы ұсыныстар қалдырып отырды.
1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасыларынан шыққан білім алушылар – 180
2.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылар саны – 193
3. Жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  - 9
4.Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0
5.Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілер – 86
     «Астана» мөлтекауданы бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған қорғаншылықтағы балалардың саны – 9. Оның ішінде мектеп жасындағы бала саны -9. 
     Қорғаншылықтағы 8 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 1 оқушы патранат. Тұрғын үй кезегіне қойылды. Тұрмыс-жағдайы тексерілді. Қорғаншымен үнемі әңгімелесу, сұхбаттасу жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазан айында республикалық «Қамқоршы күні»  мерекесіне орай қалалық мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оған мектебіміздегі екі  қорғаншы қатыстырылды. 
     Мемлекет тарапынан көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 
263 балаға қыстық аяқ киім, сырт киім, бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сумка таратылды. 
     Тараз қаласы әкімінің шыршасына қамқорлыққа алынған 4«А» сынып оқушысы Қожатаев Мыңжан қатысып,  қала әкімінің жаңа жылдық сыйлықтарын иемденді.
Призидент шыршасына 4 «Д» сынып оқушысы Байтуллев Руслан қатысып, жаңа жылдық сыйлықпен ақшалай (жүз мың) теңге алды. 
2019-2020 оқу жылында пандемияға байланысты мектеп жаңындағы лагерь болмайды.  
     Жазғы демалыс кезіңінде мектеп оқушыларына ұйымдастырылатын танымдық экскурсияға 10-13 жас аралығында 48- оқушы, 14-17 жас аралығында Жуалы ауданына 22- оқушы, Т.Рысқұлов ауданына 23- оқушы жолдама алды. Барлығы 93-оқушы болды.
7.Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар
     Құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты жасалған жұмыстар туралы 
2019 -2020 оқу жылының жоспарында көрсетілгендей, әр айдың 2 аптасында 1-11 сыныптарда «Құқықтық білім беру» апталығы жүргізіліп, құқықтық тәрбие шаралары жасалынды. 
Рейдтік жұмыстарының нәтижесі ретінде 2 жайсыз отбасы  анықталды. Аталған отбасы жалдамалы пәтерде тұрады, ата-анасы азаматтық некеде. Әкесі екінші топтағы мүгедек, жұмыссыз, анасы үй шаруашылығымен айналысады. 
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, бопсалау мен әр түрлі мәселелердің алдын алуға байланысты мектеп ішінде  «Сенім жәшігі» қойылды. Жәшік  айына 1 рет ашылып, түскен хаттар директор жанындағы, әкімшілік отырысында талқыланып отырды.
Мектеп-гимназияда «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Оның 18 мүшесі бар. Жоспары жасалынып, бірнеше рет семинарлар, тренинг, кездесулер өткізілді. «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды. 
  1. Білім саласындағы жетістіктер
Мектеп-гимназияда   барлығы 183  мұғалім жұмыс істейді. Оның 19 жоғары санатты, 34 бірінші санатты, 29 екінші санатты, 35 санаты жоқ,  40 педагог зерттеуші, 14 педагог- сарапшы, 12 мұғалім педагог-модератор. Жоғары білімді - 169, арнаулы орта білімді – 14 мұғалім. Педагогтардың сапалық құрамы –58 %. Жас мамандар саны  –22. Зейнет жасындағы педагогтар саны –3.
                   Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында биология пәні мұғалімі Ертуганова Балжан Юлдашбековна, бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Анар  ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі  Жұмалиева Айгерім Мадиярбекқызы  ІІ орын, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пәндерді оқыту: өзекті мәселелер және шешу жолдары» тақырыбындағы педагогикалық оқуда математика пәні мұғалімі Саурықбаева Гүлнұр ІІ орын иеленді.
Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің   Алғыс хатымен директордың құқықтық тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Сәдірмекова Қарлығаш Сағатбекқызы, Тараз  қалалық  мәслихатының   хатшысы Құлекеев Б.Тараз қаласының құрмет грамотасымен   бастауыш сынып мұғалімі Канафина Назира, қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Умарова Умида  марапатталды. 
Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Жұмалиева Айгерім Мадиярбекқызы  ІІІорын, «Өрлеу» БАҰО  ұйымдастырған облыстық  онлайн байқауында  5 мұғалім, республикалық КИО-дан қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, информатика,бастауыш сынып мұғалімдерінен 38 мұғалім, республикалық  Ұстаз тілегі  қашықтық олимпиадасынан  30 мұғалім жүлделі І, ІІ ,ІІІ  орындармен, «ПедСтарт» қашықтық  олимпиадасында  6 бастауыш сынып мұғалімі, «Өрлеу» БАҰО  ұйымдастырған облыстық  онлайн байқауында  Әл-Фараби тану конкурсы бойынша  командалық жарыста  бастауыш сынып мұғалімдері   алғыс хатпен марапатталды. 
 «Өрлеу» БАҰО   ұйымдастырған   «Үздік Қысқа мерзімді жоспар» облыстық  онлайн байқауында Күзембаева Қымбат,  Алиева Света, Оразалиева Анар, Игілікова Луиза, Абдирова Бибінұр, Амандосова Мақпал ІІІ дәрежелі диплом иеленді 
Қашықтан Дарын онлайн  платформасында өткізілген ҚазТест орталығының  ұйымдастырған байқауында жүлделі орындарымен 27 мұғалім марапатталды.
2019-2020 оқу жылында 2285 оқушы білім алуда. Білім сапасы- 66%. 
Мектеп   бітіруші түлектер саны  61 оқушы болса,   оның ішінде 4 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 1 оқушы «Үздік аттестатқа»,  9-сыныптар бойынша 18 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. 
Қалалық 
-ғылыми жоба байқауында – 4 оқушы жүлдегер атанды. (9 сынып оқушысы Байменова Жанерке тарих пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, 10- сынып оқушысы Молдақасымова Ұлдана әдебиет пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом,   11-сынып оқушысы Алпыс Маржан ағылшын тілі пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом, 9-сынып оқушысы Қойшыбекова Сабина география пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иеленді.)
-пән олимпиадасында  6 оқушы жүлделі  орын иеленген. (9-сынып оқушысы Әмірбек Тұрсынай математика пәні бойынша  ІІ орын, 10 сынып оқушысы Дюсемханов Әлібек ағылшын тілі пәні ІІІ орын, тарих пәні бойынша 9 сынып оқушысы Бекенова Айдана ІІ орын, 10 сынып оқушысы Әшірхан Аружан  І орын, 11 сынып оқушысы Сати Амина қазақ тілі мен әдебиеті пәні  ІІ орын,  9-сынып оқушысы Рахимбердиева Даяна география пәні бойынша ІІІ орын иеленді.)   
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық өнер-білім байқауында көркем сөз номинациясы бойынша Орал Дана ІІ орынмен, «Көрнекіліктер аукционы» атты байқауда «Математика –физика күнделікті өмірде» бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Қыдырғали Дария ІІІ орын, эссе байқауында ағылшын тілі пәні бойынша 8 сынып оқушысы Тілеміс Аружан ІІ орын, 7 сынып оқушысы Нышанбек Аяжан І орын, Әл-Фараби –Шығыстың ғұлама ғалымы Бастауыш сынып оқушылары арасында шығарма байқауынан  2 орын , Байдос Аяулым,  Бисенби Нұрасыл –І орынмен марапатталды. 
Облыстық 
-ғылыми жоба байқауында 2 оқушы жүлделі орын иеленді.  9 сынып оқушысы Байменова Жанерке тарих пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом, 9-сынып оқушысы Қойшыбекова Сабина география пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, 11-сынып оқушысы Алпыс Маржан ағылшын тілі пәні бойынша алғыс хатпен марапатталды.
-пән олимпиадасында  3 жүлделі орын;  математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Әмірбек Тұрсынай математика пәні бойынша   ІІІ орын, тарих пәні бойынша 9 сынып оқушысы Бекенова Айдана ІІ орын, тарих пәні бойынша 10 сынып оқушысы Әшірхан Аружан  І орын   иеленді. 
-Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған байқауында 7 «Ә» сынып оқушысы Орал Дана І орын, 9 «В» сынып оқушы Әшімова Нұрай ІІІ орын иеленді.
-Әл-Фараби –Шығыстың ғұлама ғалымы Бастауыш сынып оқушылары арасында шығарма байқауынан  1 орын , Байдос Аяулым – ІІІ дәрежелі диплом иеленген.  
Республикалық  
-«Зерде» шығармашылық жобалар байқауында 2 оқушы, 4-сынып оқушысы Серік Санжар ІІ орын,7 сынып оқушысы   Лайн Адема ІІ орын иеленді. 
Қашықтықтан ұйымдастырылған 
-TIO. NIO  байқауларында 210 оқушы, КИО- 93 оқушы, «Ақ бота» интеллектуалды марафонында 115 оқушы, «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысында 15 оқушы 
Халықаралық
- «Человек и природа» байқауына 52 оқушы, «Русский медвежонок- языкознание для всех» байқауында 42 оқушы, ПОНИ-дан 230 оқушы, «British Buldog» байқауында  97 оқушы, қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқауларда 112 оқушы  жүлделі орындарға ие болды. 
8.Тәрбие саласындағы жетістіктер
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында мектеп-гимназияда «25 кітап» жобасы және «Ауылдағы 10 күн», «Қаладағы 10 күн» «Ата – анамның жұмысындағы бір күнім»,  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы   жобалары , «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер күні жобасы жүргізіліп келеді. «25 кітап» жобасы 2-10 сыныптарға және    «Ауылдағы 10 күн жобасы», «Қаладағы 10 күн жобасы» 7-8 сыныптарға  арналған. «25 кітап» жобасы былтырғы оқу жылынан бастап, «Ауылдағы 10 күн», «Қаладағы 10 күн» «Ата – анамның жұмысындағы бір күнім»,  «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы   жобалары , «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы ,«Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер күні жобасы 2019 жылдың наурыз айынан бастап енгізілген. Сондай-ақ жоспарға сәйкес 12 желтоқсан күні 53 мектеп-гимназиясында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы С.Сейдазимов кездесу өтті. «Рухани жаңғыру»   бағдарламасы аясында «Бір бала-бір ағаш» атты 1 және 11 сынып оқушылар  ағаш отырғызу акциясы өтті.
         Бүгінде кітап оқитын  жастар азайып кетті. Оған басты себеп – кітапханалардың заман ағымынан кенжелеп қалуы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасымен келісімшарт жасап, бірлескен жұмыс жоспары жүзеге асырылуда. Орталықтандырылған №6 кітапханада  «Коворкинг» орталығы   ашылды. Бұл орталықтың мақсаты: оқушылардың  жан дүниесін байыту, тілдік қорын арттыру, кітаптан үйренген тәлім-тәрбиені өмірде қолдану, оқушының бос уақытын тиімді пайдалану , жас буынның ойлау қабілетін арттыру.  Үнемі біздің мектеп-гимназиямыздың оқушылары бос уақыттарын  «Коворкинг» орталығында өткізеді. 
Үйірме жұмысы
Биылғы оқу жылында мектеп-гимназиямызда 37 үйірме жұмыс жасайды. Осы үйірме қатысушылары республикалық,облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 
Халықаралық байқаулардан бас жүлде-7, бірінші орын-28, екінші орын-18, үш орын-15
Республикалық байқаулардан бас жүлде-8, бірінші орын-60, екінші орын-110, үш орын-28
Облыстық байқаулардан бас жүлде-2, бірінші орын-15, екінші орын-10, үш орын-12
Қалалық байқаулардан бас жүлде-3, бірінші орын-30, екінші орын-11, үш орын-4
 «Жас Ұлан» ұйымы
    Мектеп-гимназиямызда «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс жасап келеді. Былтырғы  оқу жылында 290 жас ұландықтар және 311 жас қырандықтар «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Барлығы 601 оқушы.  Оқушылар көптеген қалалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
      2019 жылдың қазан айында өткен қалалық әскери-спорттық жарысқа «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қатысып, жүлделі ІІ орынмен марапатталды.
«Үздік Ұланбасы-2019»   облыстық байқауға қатысып, мектеп ұланбасы Абитбекова Мерей  ІІ орынға ие болды.
     7 сәуір -«Халықаралық денсаулық күніне» орай қалалық тәлімгерлер арасында ұйымдастырылған, «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық жарыста мектеп-гимназия тәлімгері Өтемғалиева  Жанар ІІ орын иеленді.     Қалалық «Жайдарлы –Жас Ұлан» көңілді тапқырлар байқауында «Жас Ұлан» ұйымынан құралған  КВН командасы   алғыс хатпен марапатталды.
10.Материалдық-техникалық базаны жақсартуМектеп-гимназияда 55 оқу кабинеті бар.  3 информатика кабинеттерінде 45 компьютермен жабдықталып, барлығы интернет желісіне қосылған. Білім алушылар робототехника бағыттары арқылы білім алуда. Қазіргі таңда Робототехника шеберханасында 88 оқушы білім алуда. 3D моделдеу , программалау робототехника бағыттары арқылы білім алуда. Робототехника шеберханасында  12 дана заманауи ноутбуктармен , 3D принтер, 11 дана arduino (ардунио! , 11 дана make blok (мейк блок) роботымен жабдықталған. 1 дана интербелсенді тақтамен жабдықталған. Компьютерлік сыныптар саны  - 3 , жалпы мектептегі  компьютерлер саны  120 дана, инфокиоск саны  2 дана. Бір компьютерге шаққанда 18 баладан келеді. Мәжіліс залы 200 орынға шақталып, музыкалық аппараттармен  жабдықталған. Асханада  бір мезгілде 150 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Дене шынықтыру сабақтарына қолайлы жағдайлар жасалған. Онда тренажерлар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары қолайлы орналасқан. Медициналық кабинет 4 бөлмеден тұрады, онда медициналық құралдар мен құрылғылар жеткілікті.  
Физика, химия, биология  кабинеттері лабораториялық  жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік бюджеттен  мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 500 (бес жүз) мың теңге бөлініп отыр. Жалпыға бірдей білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасы балаларына (468 білім алушыға) қыстық киім (қыстық аяқ киімдер, қыстық күртешелер,бас киімдер, сөмкелер) мектеп формасына 11 млн 369 мың теңге, кеңсе тауарларына 3   млн  108 мың теңге бөлінді. Олардың игерілуі туралы мәліметті мектептің ашық бюджет сайтынан көре аласыздар. Бұл қаражат мемлекеттік сатып алу заңы бойынша жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе:
 Жас ұрпақты білімді, жан – жақты етіп өсіруге әрбір ата – ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы  білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын  ұлағаттылыққа тәрбиелеуде. Біздің ертеңгі  жоспарымыздың  орындалуына, көздеген мақсатымызға  қол жеткізу үшін, құрметті ата – аналар сіздердің қолдауларыңыз қажет. «Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды» демекші, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасасақ, біз ала алмайтын қамал болмас деп өз есебімді қорытындылағым келеді.
Жаңа 2020-2021  оқу жылына қойылған міндеттер:
1.  Педагогтердің жалпы санынан педагог мастер, зерттеуші, сарапшы модератор бар педагогтердің үлесін   60% жеткізу;
 2.  Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесін 20% жеткізу;
3. Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесін 35% жеткізу;
4. Білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту.
5. Техникалық шығармашылық орталықтармен жұмысты жандандыру арқылы оқушылардың түрлі спорттық іс-шараларға, байқауларға қатысуын күшейту.
6.  "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық клубының қозғалысына қатысатын оқушылардың санын арттыру.
7. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік үйірменің сапасын жақсарту
8. "Жас қыран", Жасұлан  қозғалысына қатысатын оқушыларының үлесін арттыру.
9. «Аналар мектебі", "Әкелер мектебі", «Әуені бөлек бал ғұмыр» түлектер жобасы іске асыру.
10. Мектептің материалдық базасын нығайту
]]>
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызының қамқоршылық кеңес алдыңдағы есебі.

admin Wed, 17 Jun 2020 15:00:28 +0600
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/238-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/238-amorshyly-kees-otyrysyny-hattamasy.html

]]>

]]>
admin Wed, 17 Jun 2020 12:21:33 +0600
Қамқоршылық кеңесі алдында Директордың есеп беруі https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/176-amorshyly-kees-aldynda-direktordy-esep-beru.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/176-amorshyly-kees-aldynda-direktordy-esep-beru.html

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызы және мектеп инспекторы Алғазиев Самат Мураталиевич 29 қыркүйек күні сағат 17.00-де мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитеті алдында 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінен 13, ата-аналар комитетінен 89 ата-ана қатысты .
Жарыс сөзге шыққандар:
1.Жатқанбаева Гульмира
2.Есмуратова Зухра
3.Есеп соңында жарыссөзге 3-сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы: Г.Жатқанбаева, 6 сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы: З.Қойлыбаева шығып, баяндаманы қанағаттанарлық деп бағалап мектеп ұжымына табыс тіледі. Қорытындылау барысында ата – аналар тарапынан көкейде жүрген сұрақтар қойылды.
3-сыныптың ата-анасы М.С.Баймуратова жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша баланың білім, білік дағдысын қалыптастыруға оқушының кітаппен бірге дәптермен жұмыс жасауы маңызды екенін атады. Осы мәселені қамқоршылық кеңесінде қарап, нәтижесінде шешілген шешіммен таныстыруын өтінді
Екінші сұрақ бойынша 7-сынып ата-анасы Ахметжанова Ақмарал Дәулетбековна интеллектуалды байқау, сайыстардың ақылы екендігін алға тартты. Өзара тепе-теңдік сақталмай қалып, қаржының кесірінен ортада түсініспеушілік туындайтынын айтты. Бұл сұраққа коммерциялық емес ұйымының өкілі, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің бас маман, Джолдасова Гүлфия Сәбитовна алдағы уақытта бұл сұрақтың жауабы қарастырылатынын айтты.

admin Fri, 27 Sep 2019 09:59:23 +0600
Қамқоршылық кеңес https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/145-amorshyly-kees.html https://53-taraz.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/145-amorshyly-kees.html 2019 жылдың 17 мамыр  күні  қамқоршылық кеңесі алдында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия   директорының мектеп қызметі, соның ішінде білім, тәрбие беру қызметтерін сапалы көрсету, жұмыс қорытындылары туралы есеп беруі.

]]>
2019 жылдың 17 мамыр  күні  қамқоршылық кеңесі алдында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия   директорының мектеп қызметі, соның ішінде білім, тәрбие беру қызметтерін сапалы көрсету, жұмыс қорытындылары туралы есеп беруі.

]]>
admin Fri, 17 May 2019 10:47:41 +0600