29
март
2023
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрығымен (2021 жылдың 3 маусымдағы №275 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының 9-2 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы 9-тармаққа сәйкес дайындық деңгейіне қарамастан қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші;
2) №065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» №26/у-3 есеп нысаны;
3) Баланың 2 данада 3*4 см өлшеміндегі фотосуреті
Мектеп-гимназия әкімшілігі Ереженің 9-7 тармағына сәйкес балаларды гимназияның 1-сыныбына қабылдау үшін емтихан өткізу мерзімін, нысанын белгілеп, 2023 жылдың 15 маусымына дейін емтихан өткізеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.