"Педагогикалық идеялар фестивалі" мектепішілік конкурсы
2023 жылдың 24 қараша күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп- гимназиясында «Ізденіс» ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес "Педагогикалық идеялар фестивалі" мектепішілік конкурсы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Педагогтардың шығармашылық өзін өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер тәжірибесін тарату.
Байқаудың негізгі міндеттері:
- Талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
- Тәрбие мен білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту мақсатында педагогикалық идеяларды іздеу;
- Оқушылардың қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету.

- Конкурсқа 8 мұғаліп қатысып, «Шеберлік палитрасы» бойынша өз идеяларымен бөлісті. Конкурс нәтижесі бойыншагеография пәні мұғалімі - Күзембаева Кымбат Сүйімбекқызы бас жүлде, І орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Сүндетова Клара Жұбатхановна, тарих пәні мұғалімі - Мырзабекова Зауре Мырзабекқызы, ІІ орын информатика пәні мұғалімі- Айлауова Жансая Сламханқызы, ІІІ орын ағылшын тілі мұғалімі - Танабекова Жазира Куатовна. Ал биология пәні мұғалімі- Каипова Рысхан Алтайқызы мен ағылшын тілі мұғалімі - Егембердиева Маншүк Мэлсовна «Ізденімпаз мұғалім» номинациясы бойынша марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдердің идеясы қалалық кезеңге жіберілді.