Төлеу Салтанат Ерсағатқызы
Мен, Төлеу Салтанат Ерсағатқызы, 1969 жылы 22 қыркүйекте Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келдім. 1976 жылы №2 орта мектепке 1-сыныпқа бардым. 1986 жылы мектепті үздік тәмамдап, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетіне түстім. 1991 жылы аталған оқу орнын бітірдім.
1992 жылдың 1-қыркүйегінен 2002 жылдар арасында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс батыр ауылының №103 орта мектебінің математика, информатика пәнінің мұғалімі, 01.09.2002 - 03.07.2003 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Қазалы қаласының №16 орта мектебінің математика, информатика пәнінің мұғалімі, 03.09.2003-15.08.2007 жылдар аралығында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі, 15.08.2007-19.09.2012 жылдар аралығында Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 19.09.2012-01.08.2022 жылдар аралығында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының директоры лауазымы қызметтерін атқардым.
01.08.2022 жылдан осы уақытқа дейін Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53 директоры қызметіндемін. Педагог-зерттеуші информатика пәнінің мұғалімі мен І санатты басшы біліктілік санаттарым бар.
Жолдасым 1967 жылы туылған Нұржаубаев Сакен Абилханович-ветеринария саласының қызметкері. 1991 жылғы қыздарым Нуржаубаева Гульсая Сакеновна-PhD доктарант, оқытушы мен 1995 жылғы Әбілхан Гүлнафис Сакенқызы ағылшын тілінің мұғалімі тұрмыста. 1998 жылғы ұлым Әбілхан Дәурен Сакенұлы қаржы саласының қызметкері.
Еңбек жылдарымда көптеген байқаулар мен конкурстардың жеңімпазы атанып, шәкірттерім білім конкурстары мен олимпиада жүлдегерлері болды. Сонымен қатар дайындаған шәкірттерім еліміздің математика, IT-саласының білікті мамандары болып қызмет атқаруда.
Қызметтегі адал, үлгілі жұмыстарым үшін 2019 жылы Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинованың «Құрмет грамотасымен», 2021 жылы Тараз қалалық маслихатының «Құрмет грамотасымен» және Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталдым.