Мектеп әкімшілігі
Қойлыбаева Эльмира Серікқызы- Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп –гимназиясының директоры, оқушылары тарих пәнінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиаданың жүлдегерлері, қалалық мектеп директорларының арасында өткізілген «Іскер көшбасшы» байқауының жеңімпазы, тәжірибесі облыстық, республикалық ғылыми- практикалық семинарларда таратылған, еңбектері халықаралық сайттарда жарияланған.
Ертуганова Балжан Юлдашбековна- директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, қалалық «Биология пәнінің үздік оқытушысы» байқауында І орын иеленген. Биология пәнінен оқушылары қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары
Даданбаева Эльмира Тоқтасынқызы– директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, облыстық «Лучший оқу-әдістемелік құрал» байқауының бас жүлдегері, «Менің инновациялық сабағым» байқауында ІІІ орын, Жамбыл облыстық «Педагогтің инновациялық іс-әрекеті – білім сапасын арттырудың факторы» тақырыбындағы мектеп басшыларына арналған конференцияда алғыс хатпен марапатталған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми- практикалық орталығының сарапшысы, оқушылары қалалық, облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері.
Төлебекова Рахат Амантайқызы – директордың бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми- практикалық орталығының сарапшысы, «Оқулық» ғылыми- практикалық орталығының мектеп оқулықтарына сараптама жасауда белсенді үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталған, оқушылары республикалық «Ақбота» интеллектуалды марафонының жүлдегерлері
Тилляев Дархан Әуесханұлы– директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сызу пәнінен оқушылары қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, «Қызғалдақтың Отаны- Қазақстан» республикалық шығармашылық жоба байқауының жүлдегері
Сәдірмекова Қарлығаш Сағатбекқызы – директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми- практикалық орталығының сарапшысы, облыстық «Лучший оқу-әдістемелік құрал» байқауында бас жүлде, «Менің инновациялық сабағым» байқауында ІІІ орын, Жамбыл облысының прокуратурасының «Менің елім- Қазақстан» патриоттық фестивальге белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен, қалалық білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталған, оқушылары қалалық, облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері.
Кенжеқұлов Нүркен Айтбекұлы –талдау-болжамдау орталығының меңгерушісі, ІІІ қалалық математика пән мұғалімдерінің олимпиадасының ІІ орын иегері , оқушылары қалалық, облыстық ғылыми жоба байқауының ІІ және ІІІ орын, облыстық «Зерде» логикалық пән олимпиадасының жүлдегерлері, Республикалық «Ақбота» марафонының жұлдегерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми- практикалық орталығының сарапшысы, «Математикалық логика» авторлық бағдарламасы облыс көлемінде таратылған