Курстан кейінгі қолдау
2022 жылдың 2 қараша күні мектеп-гимназияда "Ізденіс ғылыми - әдістемелік" орталығының жылдық жоспарына сәйкес "Білім беруде ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру жолдары" тақырыбында коучинг өткізілді. Мақсаты: педагогтардың инклюзивті білім беру түсінігін кеңейту, ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беруде мұғалімнің рөлін анықтау.
Коучинг барысында мұғалімдер инклюзивті білім берудің қағидаттары мен қажеттіліктерін талдады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар туралы түсінік алды. Инклюзивті білім беру бойынша өз ой-пікірлерін білдіре отырып, инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсінді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың жолдарын меңгерді. Коучинг-семинарға мектеп-гимназияның ортаңғы буындағы барлық ұстаздары қатысты. Өз тәжірибелеріндегі кездескен кедергілермен бөлісе отырып, шешу жолдарын талқылады. Мектеп-гимназияның оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Т. Даданбаева ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау ерекшеліктерімен негізгі қағидаттарын түсіндірді.


