13
февраль
2023
« Ең үздік оқырман отбасы»
Мектеп гимназиямызда Н.Е.Махашева мен Г.П.Балапанованың ұйымдастыруымен 2 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ең үздік оқырман отбасы» атты байқау өтілді.
Байқаудың мақсаты: Ата – аналармен бірлесе отырып оқушылардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр туралы білімдерін арттыру. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу,кітап оқудың маңыздылығын насихаттау.
Байқауға қатысқан ата-аналар мектеп – гимназия директорының алғыс хатымен марапатталды.


