Курстан кейінгі қолдау
2022 жылдың 1 қараша күні мектеп-гимназияда "Ізденіс ғылыми - әдістемелік" орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары. тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты: Педагогтердің пәндік құзырыттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру,сабақта инклюзивті білім беру ортасын құру,оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
Күтілетін нәтиже: Педагогтердің пәндік құзырыттілігін дамыту, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Коучингте мұғалімдер жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді. І топ: 20-35 жас; ІІ топ: 35 – 45 жас; ІІІ топ: 45 – 60 жас. Коучингті керемет көңіл күймен бастау үшін, ұстаздарды көңілді әуенмен жылулық сыйлап қарсы алды. Тақырыпқа сай баяндама оқылып, видео көрсетіліп, топтық жұмыстар жүргізілді. Коучинг соңында ұстаздардың пікірі тыңдалып, кері байланыс алынды.
Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі қатысты.





