17
июнь
2021
Miss бүлдіршін
Каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында Қаратай Тұрысов атындағы Школа-гимназия №53 жанынан ашылған «Балдаурен» лагерінде 2021 жылдың 17 маусым күні «Miss-бүлдіршін» атты байқау өтті. Іс шараның мақсаты- қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
