10
февраль
2019
«Зерде» республикалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
«Зерде» республикалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
Сатыбалды Нұртілеу Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 3 «Д» сыныбында оқиды. Мінезі өте ашық, ойын жеткізе алады, мейірімді, достарына адал. 2018 жылы облыстық «Зерде» байқауында жүлделі орын, 2019 жылы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өткен 1-7 сынып оқушыларының зерттеушілік жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІV «Зерде» республикалық конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.