Мектеп ұжымы
Мектеп ұжымы
Мектепте барлығы 170 мұғалім жұмыс істейді. Оның 44 жоғары санатты, 31 бірінші санатты, 42 екінші санатты мұғалімдер. Жоғары білімді - 159, арнаулы орта білімді – 11 мұғалім. Сонымен қатар 1 мұғалім Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық медалімен, 2 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы -54.7%
Мектеп «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын оқу - тәрбие үрдісінде дамытудың инновациялық жолдары» тақырыбында жұмыс істеуде. Осы бағытта мектепте 10 әдістемелік бірлестік құрылып, шығармашылық топтар жұмыс істейді. Teachers өз тәжірибелерінде оқытудың жаңа инновациялық технологияларын қолдануда. Шығармашыл ұстаздардың 12 авторлық электрондық оқулықтары бар.
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша 22 мұғалім оқып шықты. І деңгеймен 5 мұғалім, ІІ деңгеймен 2 мұғалім, ІІІ деңгеймен 15 мұғалім сертификатталған.