Мұғалім күнделігінен » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » » Мұғалім күнделігінен
20
April
2020

Мұғалім күнделігінен


Мұғалім күнделігінен

Утенова Гүлнар Ануаровна

жоғары санатты математика пәні мұғалімі


Ұстаздық – ұлағаттылық! Ұстаздық – әрбір шәкірт үшін алаңдау, олардың шырағын жағу, ертең елдің азаматы болуына бағыт сілтеу, бағдар беру. Мен де ұстаз ретінде осы мақсаттарды жұмысымның негізгі принципі етіп алғанмын. 

Бүгінде төтенше жағдайға орай, оқушыларымды сағынып, қашықтан оқытып жатырмыз. Әрине, жандарында болып, бастарынан сипап, оқытып-шоқытқанға жетпейді. Бірақ, бүгінгі жағдайға байланысты шәкірттеріммен ғаламтормен байланысып, сабақ өтіп жатырмыз. Бұл да оқушыларыма нәр беретіні, ілім дарытатыны рас. Тез үйреніп кеттік. Қазір сыныптағыдай ашық, еркін сөйлесіп, дәріс оқып, сабақ алып жатырмын. 

Елдегі індет тезірек кетіп, науқастарымыз айығуды жазсын. Барша ұстаздар оқушыларымен қайта қауышын деймін.

Саттаркулов Мағуз Серікбайұлы
информатика пәнінің мұғалімі

Мен информатика пәнінің мұғалімі Саттаркулов Мағуз Серікбайұлы. Осы мектепте 2007 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Әлем күнде өзгеруде. Ол қалыпты жағдай. Егер әлем өзгеріске ұшырамаса онда біз ежелгі адамдарша өмір сұретін едік. Әрине өзгерістің жағы жағы да бар, жаман жағы да бар. Жақсы жағы ол әлемде қарқынмен дамып келе жатқан жаңа технологиялар. Олардың қатарында біздің де пәніміз информатика саласы. 

Осы жылдар ішінде бағдарламалар жылма жыл жаңаруда. Тіпті артынан қуалап келе жатқан жағдайымыз да бар. Бірақ ол түптеп келгенде жақсы өзгеріс. Ал қазіргі жағдайдың күрт өзгеруі бәрімізге оңай емес деп ойлаймын. Мына әлемге тараған індеттің кесірінен барлығымыз оқшаулануда қалдық.  Бірақ амал не? 

Сондықтан осы жағдайға бейімделіп, оқушыларға тапсырмаларды әлеуметтік желелер арқылы , білім беру платформалары арқылы, әйтеуір жеткізіп, олардың білімнен құр алақан қалмауына өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Өзімнің күнделікті қашықтықтан беретін сабағымда балаларға әрдайым жігер беріп отыруға тырысамын. Өйткені бәрі өзгереді. Ал біз оған дайын болуымыз керек.

Оразалиева Анар Ажибаевна

көркем еңбек пәні мұғалімі

Бәріміз білгендей, дүние жүзі бойынша дендеген дерт әлем елдерін әбігерге салды. Бұл жайт Қазақстанға да жетіп,төтенше жағдай қалыптасты. Адамзат көшеге шықпай үйде отыру: өзін де, басқа жанды да осы дерттан сақтауға мүмкіндігі деп түсінді. Оқушы мен ұстаз арасында қашықтықтан байланысу мұқтаждығы туындады. Бұл қатынас қиындық тудырар деген қорқыныш болды. Дегенмен де қазіргі қоғам талабы: коммуникациялық технология , яғни сандық білім ресурсы оқу үдерісін ұйымдастыруда, шәкірттерге тиімді сабақтар беруде өте тиімді көмекші құрал екендігіне көз жеткізудеміз. Біздің оқушыларымыздың білімі өзара жұмыс жасауымызға кедергі болмады. Тез өзгеріп, үдемей жылдамдықпен дамып отырған дүниеде мұғалімдер де өзгеріске бейімдігін байқатып, IV-тоқсанды қашықтықтан оқыту үрдісі басталып кетті.

Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің түсінігім бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аяMayтын адам…

Қашықтықтан оқыту барысында №53 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы сабақта қолданылған әдіс тәсілдерімен бөлісіп, қиындық туындаған жағдайда бір- бірімізге көмектесудеміз. Оқушылардың заманауи технологиялардың қыр сырын мектеп табалдырығында меңгергені осы тұста көрінді. Ватсап желісінен чаттар ашылып, күнтізбелік жоспар бойынша осы тоқсанда  Тамақтану мәдениеті бөлімін өтудемін.Оқушылар да қиын кезеңде үйден шықпау керектігін түсініп,берілген 

тақырыптардағы тапсырмаларды орындап, нәтижесін көрсетіп жатыр. Сабақ өту барысында  қызық оқиға болды. Менің ноутбугімде «Күнделік кз» жобасы бұзылып, сервис қызметінің мамандары қашықтықтан «Күнделік кз» жобасын жөндеп берді. Қуанышымда шек болмады.Мұны не үшін айтып отырмын, үйде-ақ отырып сервис қызметін де пайдалануға болатынын білдім. Еліміз мұндай кәсіби  деңгейдегі мамандарымен мақтана алады. Мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға көз жеткіздім. 



Жанысбаева Перизат Бақытжановна

өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

     Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар , шәкірт жүрегіне гүл егер ұстаздар емес пе? Әрбір адамның өміріне жол салуына ұстаздар қауымының зор үлесі бар. Мектептен бастап, өмірде  бір кірпіш болып қаланғанға дейін , адамдыққа бейімдеп отыратын бір адамы болады. Ол -ұстаз деп білер едім. 

    Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бірлесе білген ел ғана бәрін жеңеді» дегендей жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын уақыттың өзі дәлелдеп отырғандай.

    Бүгінгі күні әлемді дүрліктірген індетке байланысты еліміздің барлық өңірлерінде сабақ қашықтықтан оқыту режиміне көшті. Алғашында ұстаздар қауымы қатты қобалжығаны рас. Тіпті оқушылар мен ата -аналарымызда да үрей туындады. Бірақ уақыт бәріне емші дегендей - міне екінші аптаны артта қалдырып, ұстаз бен шәкірт арасында бірлесе жұмыс жасау өз нәтижесін көрсетуде. «Біз біргеміз» , «Біз   үйдеміз» деп ұрандатқан  мектебіміздің  оқушыларымен бұл қиыншылықты  бірге  жеңетінімізге сенімдіміз. Себебі, біздің ұстаздарымыз қашықтықтан оқыту жүйесін бірнеше форматта өткізіп, ерінбей жұмыс жасауда.

    Қорыта айтқанда, Абай атамыздың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстаздарымыздың  күш қайраты талмаса екен деймін . 


Баймуратова Дина Байжановна

тарих  пәні мұғалімі

Әлемді құрсауына алған пандемия көп халықты әбігерге түсіріп жатқан кез. Ешкімге оңай болып тұрған жоқ.  Халыққа қызмет көрсетудің ең төменгі сатысынан биліктің ең жоғарғы басында отырған азаматтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып пандемияға қарсы күресуде. Біздер, педагогтар, бұл шаралардан тыс қалып жатқанымыз жоқ. Болашақ ұрпақты білімді де, саналы етіп тәрбиелеу үшін оқушыларымызбен бірлесе отырып, қашықтықтан оқи отырып, иненің ұшымен білім қазып жатқан кезіміз. Берген тапсырмаларынды орындаған оқушыға, тұлғасын көз алдыңа елестете отырып, сүйсіне қарайсың. Орындаған жұмыстары тыңғылықты, сауатты болғаны көңілінді көншітеді. Халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық орнайтын кез алыс емес екендігіне сенімім мол. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив