Activity » Страница 7 » СШ №53
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » Страница 7
Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстанның Қарулы Күштерінің 30 жылдығы
06
May
2022
Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстанның Қарулы Күштерінің 30 жылдығы
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында Жеңістің 77 жылдығына және Қазақстанның Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай 10 сынып білім алушыларының ұйымдастыруымен тарихи-танымдық сағаты өтті.
"Бастауыш сынып білім алушыларының сауаттылық деңгейін арттыруда бірлескен сындарлы оқу ортасын қалыптастыру" тақырыбында бастауыш сыныптардың қалалық семинары
26
April
2022
"Бастауыш сынып білім алушыларының сауаттылық деңгейін арттыруда
      2022 жылдың  26   сәуір күні Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп- гимназиясында «Ізденіс»  ғылыми-әдістемелік  орталығының жылдық жоспарына  сәйкес   "Бастауыш сынып білім алушыларының сауаттылық деңгейін арттыруда бірлескен сындарлы оқу ортасын қалыптастыру" тақырыбында бастауыш сыныптардың қалалық семинары өткізілді. Мақсаты :        Бастауыш сынып білім алушыларының сауаттылық деңгейін арттыруда бірлескен сындарлы оқу ортасын қалыптастыру жолындағы тиімді жұмыс бағытымен таныстыру
«Татулық пен тұрақтылық – еліміздің басты байлығы»
22
April
2022
«Татулық пен тұрақтылық – еліміздің басты байлығы»
    Қаратай  Тұрысов атындағы  №53 мектеп – гимназиясында  1мамыр  – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай   «Татулық пен тұрақтылық – еліміздің басты байлығы»  тақырыбында  9 сыныптардың арасында достық фестивалі ұйымдастырылды.Әр ұлттың өнері мен ойындары туралы ақпарат айтылды. Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
«Менің атам - Mayдангер» атты тақырыпта сурет байқауы
16
April
2022
«Менің атам - Mayдангер» атты тақырыпта сурет байқауы
16 сәуір күні 5-7 сынып білім алушылар арасында  «Менің атам - Mayдангер» атты тақырыпта сурет байқауын ұйымдастырды.      Мақсаты:   Mayдангер аталарымыздың ерліктері туралы түсіндіру , балаларға Отан қорғаушылар күні туралы мәлімет беру . Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, сыйлауға тәрбиелеу.
«Ұлы Жеңіс туы мәңгі желбіресін!»
13
April
2022
«Ұлы Жеңіс туы мәңгі желбіресін!»
Қаратай  Тұрысов   атындағы  №53 мектеп-гимназиясында   13 сәуір күні  8-10 сыныптар арасында   «Ұлы Жеңіс туы мәңгі желбіресін!» атты тақырыпта  шығармалар жазды.
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»
07
March
2022
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»
    Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында  5 сынып білім алушылары арасында7 наурыз күні  «Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» атты спорттық жарыс өтті.           Мақсаты:Ойындар тарихын жандандыру,ұлттық ойындар туралы білу, ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру, өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу, ұлттық ойындар тарихын зерттеу,ойналу жолдарын білу. Білім алушылар ептілігі мен шапшаңдықтарын жарыс барысында көрсете білді. Ұлттық ойын жарысында оза шыққандар
«Ән бұлбұлы - Роза»
05
March
2022
«Ән бұлбұлы - Роза»
    Қаратай  Тұрысов атындағы  №53   мектеп-гимназиясында 5 наурыз күні  Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Ән бұлбұлы - Роза» атты мұғалімдер арасында ән байқауы  өтті.Байқауға мектеп-гимназияның  барлық әдістемелік пән бірлестіктері қатысып,өнерлерін ортаға салды.Бас жүлдені ИФМ  мен ағылшын тілі пәні әдістемелік бірлестігі қанжығасына байласа,орыс тілі мен әдебиеті пәні  әдістемелік бірлестігі мен бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі І орынды бөліске салса,ІІ орынды қазақ тілі
«Абзал ана»
04
March
2022
«Абзал ана»
Қаратай  Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Абзал ана» атты мерекелік іс-шараны  4 наурыз күні білім алушылар ұйымдастырды.Мерекелік  концертте   ана туралы ән мен жыр төгілді.Мектеп-гимназия әкімшілігі мерекеге орай тәрбие мен білім саласындағы жетістіктеріне байланысты  мұғалімдерді дипломмен  марапаттады.
"Жайдарлы Жас Ұлан" КТК ойыны
01
March
2022
"Жайдарлы Жас Ұлан" КТК ойыны
   Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайы қалалық бірыңғай  « Жас Ұлан »  балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен  Jaidarman Taraz  филиалының ұйымдастыруымен  « Жайдарман -2022»  ойыны 28 ақпан күні ұйымдастырылып өткізілді.  Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясынан «Қарапайым жігіттер» командасы ойынға қатысып, мектепаралық лигасының 4/1 финал ойынынан сертификат алды. «Қарапайым жігіттер» командасынан жеңіс күтеміз.
Ғибратты сөздер
28
февраль
2022
Ғибратты сөздер
  Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында оқу кабинеттерінің маңдайшасына ұлы адамдардың ғибратты сөздері ілінді. Әр сынып кабинеттер маңдайшасына шығыс пен қазақ халқының шешендерінің даналық сөздері таңдалып алынды. Мақсаты – білім алушылар бойына ұлы адамдардың ғибратты сөздерінің қадір қасиетін сіңіру, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.