25
December
2021
«Ұлттық ойын мақтанышымыз»
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында Рухани жаңғыру аясында 25 желтоқсан күні 5-7 сыныптар арасында тоғызқұмалақтан «Ұлттық ойын мақтанышымыз» тақырыбында мектепішілік достық жарыс өтті.
Мақсаты: оқушыларды ұлттық ойын түрлеріне баулу, ұлттық тәрбие беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жарыс болған соң жеңу мен жеңіліс болады. Жеңіс тұғырына жеткен Бабақұл Еркенұр , Айдос Кәусәр, Тұрғынова Сымбат марапатталды.
