23
December
2021
«Көне жәдігерлердің сыры» жылжымалы көрмесі
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясында 23 желтоқсан күні «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи – мәдени қорық – мұражайының «Көне жәдігерлердің сыры» жылжымалы көрмесін білім алушылар тамашалады.Көрмеге көне жәдігерлер қойылды.Білім алушылар жәдігерлер тарихы туралы нақты мәліметтермен танысты.
Мақсаты: жас ұрпақты елдің көрнекті тарихи – мәдени жетістіктерін білуге , құрметтеуге , бағалауға, танымал етуге талпындырады және олардың негізінде этностық , азаматтық өзіндік сана мен патриотизм сияқты маңызды әлеуметтік қасиеттер қалыптастыру , ата – бабаларымыз қалдырып кеткен жәдігерлерді сақтау , ұрпақтарымызға жеткізу.

