03
June
2021
«Кристер Робин, Винни Пух и его друзья» атты ертегі қойылымын
Каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын , бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназия жанынан ашылған «Балдәурен» лагеріндегі демалушылар 2021 жылдың 3 маусымы күні Жамбыл облыстық орыс драма театрына Евгений Дубовиктің «Кристофер Робин, Винни Пух и его друзья» атты ертегі қойылымын тамашалауға барды. Демалушылар ертегі желісімен танысып, кейіпкерлерді жақыннан көрді. Тазалық, достық мәнінің құндылықтарын бойларына сіңіріп, жақсы әсерде қайтты.
