Экосағат
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға және табиғи ресурстарды сақтауға тарту мақсатында қараша айында «Табиғатты қорғау, болашақты ойлау» эко-акциясы ұйымдастырылды.Эко-акция барысында 2020-2021 оқу жылына арналған экологиялық білім бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде қашықтықтан 7-11-сынып білім алушылар арасында «ЭКОСТАН-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсына қатысты. «Табиғатты аялайық» экочеллендж ұйымдастырылды. 6-10 сыныптарда «Үй жануарларын қорғайық» бейнеролик түсіріп, 1-4 сыныптарда «Табиғатты аялайық, қорғайық» суреттер байқауы, туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу мақсатында “Бір бала-бір ағаш” атты акциясы өтті. Ұстаздар, білім алушылар ата-аналарымен бірге өздерінің ағаштарын отырғызды. Ағаштарды күтіп баптауды өз жауапкершіліктеріне алды. Осы атқарылған іс – шаралар білім алушылардың табиғатты қастерлеу мен экологиялық білімдерін толықтырды.







